Өлімнің хақтығы

Жүрек лүпілі – дүниеге келген сәттен басталатын өлім жырының ырғақтары.

Қияметтің жақын екені екінің біріне аян. Бірақ адам айтқысыз қорқынышты қойылымның соңғы актісінің зыр-зыр қағып, айналып жатқанын сезінген кім бар?..

Жастар жастығы мен әдемілігінің уақыт өте келе құнсызданып қалатынын алдын - ала білсе, дамыл таппай мәңгілік жастық пен мәңгілік әдеміліктің жолдарын іздеген болар еді...

Адамның көзінің қарашығындай көріп, аялаған қаншама қимас нәрселері бар, өзі өлген кезде олар да өліп кете барады; ал оның жасап кеткен жақсы істері мен пайдалы ойлары өлгеннен кейін де маздап, мәңгі қалады...

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.