• Басты бет
  • Кітаптар
  • Ғасыр тудырған күмәндар-1
  • «Үмбетім азғындаған кезеңде сүннетімді берік ұстанған жанға жүз шейіттің сауабы беріледі» делінеді. Сүннетті (Пайғамбарға тән өмір сүру әдебін) үйреніп, қазіргі заманға сай жүзеге асырудың реті қалай болмақ?

«Үмбетім азғындаған кезеңде сүннетімді берік ұстанған жанға жүз шейіттің сауабы беріледі» делінеді. Сүннетті (Пайғамбарға тән өмір сүру әдебін) үйреніп, қазіргі заманға сай жүзеге асырудың реті қалай болмақ?

Кітаптарда бұл мәселе жақсы айшықталған. Сүннет жолы – Хақ разылығына бастайтын баспалдақ ретінде білдіріліп әрі соған ынталандырылған. Бұл – осы уақытқа дейін жүздеген Хақ жолындағылардың жалықпай шақырып келе жатқан жолы. Мыңдаған әулие мен данышпандар бас қосып жаңа жол тапса да сүннеттің кішігірім мәселесімен салыстыруға келмейді, яғни, сүннет жолы – дін жолы екендігі әбден дәлелденген.

Барлық діни жоралғыларды, міндетті құл-шылықтардан бастап қарапайым ізгілік этикасына дейінгі мәселелерді білдірген Аллаһ болса, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) бізге өмір сүру әдебін толықтай үйрету үшін жіберілген. Оның әрбір қимылын Аллаһ өзі қадағалап, әр ісін тек жақсылыққа бағыттап отырған. Оның ішінде парыз да, сүннет те, мұстахаб та, әдеп те – бәрі қамтылған.

Парыздарды орындау арқылы пенде Жаратушы Иеге бір табан жақындай түседі. Нәпіл намаздары арқылы рухани өсіп, құдси хадисте айтылғандай «Аллаһ тағала оның көретін көзі, еститін құлағы, сөйлейтін аузы, ұстайтын қолына айналады». Яғни неге қараса да дұрысын көруді, көрген нәрселерін дұрыс бағамдай алуды нәсіп етеді, не нәрседен де ақиқатқа бастайтын жол ашады. Тура жолды көрсе ынтығып, адасушылықты көрсе бойын алыс ұстайды. Ақиқатқа шақыратын әуезді дауыс естісе болды, көңілі серпіліп, жаны нұрлана бастайды. Сөйлесе, Аллаһ оған ақиқатты ғана айтқызады, қандай да бір істі қолға алса, Аллаһ тағала оны пайдалы іске ғана итермелейді, қашан да жақсылық пен әсемдіктің бағында жүреді. Аллаһ тағала оны үнемі жұмаққа жетелейтін жолға бастайды, ешқашан нәпсіге ергізбейді.

Ол не істесе де үнемі Хақтың разылығын көздейтіндіктен Аллаһ та оны Өзі разы болатын амалдардың шеңберінде ұстайды. Мәселен, Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм), сондай-ақ кейінгі айтулы тұлғалардың барлығын Жаратушы Ие үнемі осындай ізгі жолға ғана бағыттаған. Тек сүннет жолына ғана итермелеп, бұл жолды кең даңғылға айналдырған. Бүгінгі күні мақсатқа анық жетелейтін бірден бір жол осы деуге болады.

Үмбет азғындаған заманда осындай аса маңызды сүннетті қайта тірілтуге күш салу, парыз, уәжіп, сүннетімен осы жолды қайта қалыпқа келтірудің, бұған қоса, осы кең даңғылды қияметке дейін қорғауға атсалысудың өте қасиетті іс екендігі соншалық, бұндай қызметке қол ұшын бергендер ақыретте шейіттермен иық тірестіріп қатар тұратындығына күмәнмен қарамау керек. Тіпті бұлардың арасында өмірінің әр күнінде бірнеше шейіт сауабына кенелетіндердің де саны аз емес. Осы тұрғыдан алғанда, дін негіздерін қайта жандандыруға атсалысқандар жүз шейіттіктерден де көп сауапқа кенелуі мүмкін.

Иә, бұл сүннеттің ішкі қатпарлары көп, тіпті солардың біреуін тірілткен адамның өзі жүздеген шейіттің сауабын алуы мүмкін. Зина жасағаннан да ауыр, кісі өлтіргеннен де бетер ғайбаттың да ғайбаты болатыны секілді, елдің ішіне іріткі салып, әркімді шағыстырған адам мен жеке кісіні сыртынан жамандаған адамның ғайбаты бір емес. Әлбетте, бірінші адамдыкі қауіптірек екені сөзсіз. Осы секілді, бүгінгі таңда бір кісі емес үмбет тұтас сансырап, бүкіл ислам негіздері шайқалған шақта дінге қатысты кез-келген мәселені тірілту үшін жанын сала еңбек еткендер жүз емес мың шейіттің де сауабын алуы мүмкін. Әсіресе, қасиетті күн, қасиетті сәт, қасиетті минуттарда бұл істі орындай білгендер одан да көп сауап алуы кәдік. Құран Кәрімнің білдіруінше, Хақ тағала өз дархандығымен қалаған құлына қалағанынша жақсылықты үйіп-төгетінін айтқан.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.